Балаларды соққыға жыққан астаналық тұрғын ұсталды (ВИДЕО)
Ер адам бір баланы соққыға жығып, екіншісін теуіп, үшіншісін қылқындырған.
Елордадағы тұрғын үйлердің бірінде балаларды ұрған жыққан ер адам ұсталды.
Кеше әлеуметтік желіде тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде ер адамның бір баланы соққыға жығып, екіншісін теуіп, үшіншісін қылқындырғаны бейнеленген видео тарады. Желіде бұл оқиғаның «Эдем палас-2» тұрын үй кешенінде орын алғанын жазуда.
Аталмыш оқиғаға қатысты Астана қалалық полиция департаменті бұзақының қолға түскенін мәлімдеді.
«Байқоңыр аудандық полиция басқармасы аталған тұрғын үйдің 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Бұзақылық бабымен қылмыстық іс қоғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті полициядан.