Ақмола облысында 11 көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті
Жол апаты Бірсуат ауылы тұсында болған.
Ақмола облысы аумағында «Екатеринбор-Алматы» тасжолының 1318 шақырымында, Бірсуат ауылы тұсында бірнеше көлік соқтығысқан ірі жол апаты болды, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары ара қашықтықты сақтамай, жылдамдықты шамадан асырған „Toyota Camry“ көлігінің 29 жастағы жүргізушісі алда жүріп бара жатқан „Volkswagen Polo“ көлігімен соқтығысқанын анықтады. Салдарынан 11 көлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті, олар түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, - делінген облыстық ПД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.