Бурабайда жер сілкінісі болды ма – ТЖМ түсініктемесі
Онда Бурабай кентіне жақын маңда сағат 14:00 шамасында 5 балдық жер сілкінісі болғаны көрсетілген
Әлеуметтік желілерде бүгін Бурабайда жер сілкінісі болғаны туралы хабарлама тарап жатыр, деп хабарлады turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.
Онда Бурабай кентіне жақын маңда сағат 14:00 шамасында 5 балдық жер сілкінісі болғаны көрсетілген.
Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі осы жайтқа қатысты түсініктеме берді.
Сағат 13.57-де Earthquak қосымшасында Ақмола облысында Бурабай ауылының маңында болған жер сілкінісі туралы ақпарат жарияланды. Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы аталған аумақта жер сілкінісі болғанын растамайды, - делінген ведомство хабарламасында.