Қоғам

Шымкентте газ құбырындағы апатқа жер сілкінісі себеп болған

Тұтынушыларды табиғи газға қайта қосу жұмыстары толық аяқталды

Шымкент газ құбырындағы апаттың егжей-тегжейі белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

3 ақпанда "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ апаттық-диспетчерлік қызметіне Шымкент қаласының Мәртөбе шағын ауданындағы Ақдала көшесінде газдың иісі шығып жатқаны туралы хабарлама түскен. Газ құбырындағы ақау дереу анықталып, оны жедел қалпына келтіру жұмыстары түні бойы жүргізілген. Тұтынушыларды газға қайта қосу жұмыстары 4 ақпан күні таңертең толығымен аяқталды.

Тұтынушыларды табиғи газға қайта қосу жұмыстары толық аяқталды.

Апатты жағдайды жоюға және газды қайта қосу жұмыстарына "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ ШӨФ, "Шымкент" МГҚ "Интергаз Орталық Азия" АҚ және "ҚазТрансГаз Өнімдері" ЖШС тарапынан 40 адам, сондай-ақ 5 арнайы техника жұмылдырылды.