Жаһан

Чилиде орман өртінен 51 адам опат болды

Лаулаған жалын 43 мың гектар жерді күлге айналдырған

Чилиде орман өртінен опат болғандардың саны 51-ге жетті, деп хабарлады turkystan.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ел президенті Габриэль Борич хабарлады. Лаулаған жалын 43 мың гектар жерді күлге айналдырған. Табиғат апатынан әсіресе Винья-дель-Мар туристік қаласы қатты зардап шекті. Жалынды ауыздықтауға түрлі техника мен тікұшақтар қолданылып жатыр. 

Чилиде былтыр да осындай алапат орман өрті болып, 27 адам ажал құшып, 400 мың гектар алқап өртеніп кеткен.