Александр Бублик Франциядағы турнирдің финалына шықты

4 ақпан, 2024 / Ақмарал Берекет
Қазақстан теннис федерациясы
Матчта Бублик 14 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 30-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссиммен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда канадалық спортшы 6:4 есебімен басым түсті. Екінші және үшінші сетте Бублик ойын тізгінін қолына алды - 6:4, 6:4.

Екі сағат 37 минутқа созылған матчта Бублик 14 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді.

Александр Бублик финалда хорватиялық Борна Чоричпен ойнайды.

Тэгтер:

Франция Александр Бублик теннис