Қоғам

Астана-Қарағанды тас жолында 11 көлік соқтығысып қалды

Видеодан алынған кадр

Зардап шеккен бес адам әртүрлі жарақаттармен дереу ауруханаға жеткізілген

Екатеринбург-Алматы тас жолында жаппай жол-көлік оқиғасы болды. 11 көліктің соқтығысуынан бес адам зардап шекті, деп хабарлады turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 29 жастағы Toyota Camry маркалы автокөліктің жүргізушісі жол ережелерін сақтамағанын анықтады. Ол арақашықтықты сақтамай, сондай-ақ жылдамдық режимінен асып, алда келе жатқан Volkswagen Polo көлігімен соқтығысқан. ЖКО салдарынан 11 көлік соқтығысты, - дедіАқмола облысы полиция департаменті.

Зардап шеккен бес адам әртүрлі жарақаттармен дереу ауруханаға жеткізілген.