Жаһан

Намибия президенті 82 жасында қайтыс болды

Ашық дереккөз

Ол қатерлі ісік ауруынан емделіп жатқан ауруханада қайтыс болған

Намибия президенті Хаге Гейнгоб 82 жасында өмірден өтті. Ол қатерлі ісік ауруынан емделіп жатқан ауруханада қайтыс болған, деп хабарлады turkystan.kz.

Бүгін, 2024 жылдың 4 ақпанында, шамамен сағат 12:04-те Намибия Республикасының президенті Хаге Гейнгобтың өзі ем қабылдап жатқан Lady Pohamba ауруханасында қайтыс болғанын қайғыра отырып, хабарлаймын, - делінген хабарламада.