Шымкентте 1500-ге жуық үй газсыз қалды
Жұмыс қарқынды түрде жүргізілуде
Газ құбырынан шыққан ақаудан 1500 жуық жеке газ тұтынушы мен 7 өндірістік кәсіпорынға уақытша газ беру тоқтатылды, деп хабарлады turkystan.kz Шымкент қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда газ құбырын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл бағытта арнайы техникалар мен 30-ға жуық қызметкер жұмылдырылған.
Мәртөбе елді мекенінде Ду-325 мм жоғары қысымды газ құбырынан табиғи газдың шығыны (утечка) анықталды. Апат салдарынан 1500 жеке газ тұтынушы мен 7 өндірістік кәсіпорынға уақытша газ беру тоқтатылды. Жұмыс қарқынды түрде жүргізілуде. Қайта қосу жұмыстары қосымша хабарланатын болады, - делінген ақпаратта.