Қоғам

Қарағанды облысында балықшы көлігімен бірге суға батып кетті

Ведомство өкілдері қандай жағдай болмасын көлікпен мұзға шықпауды ескертеді

Қарағанды облысында балықшы көлігімен бірге суға батып кетті, деп хабарлады turkystan.kz Қарағанды облысы ТЖД-ға сілтеме жасап.

Бүгін сағат 02-16-да Осакаров ауданы Молодежный кентінен 10 шақырым жерде Қ.Сәтбаев каналының № 10 ГЭС-нен балық аулау кезінде «Renault» жеңіл көлігі мұз астына құлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Ведомство өкілдері қандай жағдай болмасын көлікпен мұзға шықпауды ескертеді.