Жаңалықтар

Димаш туған күнінде Түркияда концерт береді

Ашық дереккөз

Димаштың жеке концертін ірі іс-шараларды ұйымдастырумен айналысатын түрік компаниясы әлеуметтік желілерде жариялады

Биыл 24 мамырда Димаш Құдайберген 30 жасқа толады. Туған күнінде танымал әртіс Стамбулдағы "Бешикташ" стадионында жеке концерт өткізеді, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Димаштың жеке концертін ірі іс-шараларды ұйымдастырумен айналысатын түрік компаниясы әлеуметтік желілерде жариялады.

Әлемдегі ең ерекше дауыс Бешикташ стадионында! Билеттер 9 ақпаннан бастап сатылымда болады! Димаш Құдайбергеннің 30 жылдығына арналған концерт, - делінген хабарламада.

"Бешикташ" стадионы Стамбулдың еуропалық бөлігінде, Босфор жағалауында орналасқан. Ол шамамен 42000 көрерменді қабылдай алады.