Қоғам

Алтын кенішінде құтқарушылардың жұмысы қайта жалғасты

Павлодар облыстық ТЖД

Ойық түбіндегі терең шұңқыр үлкен тастар мен кен жыныстарының бір орында үймеленіп қалуынан пайда болған

Шұңқыр түбіне шағын экскаватор түсірілді. Автобус жатуы ықтимал жерді қазу жұмыстары қайта жалғасын тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Мамандар ойықты зерттеп болды. Қазір экскаватор ойық түбіне қайта түсіріліп, кен жыныстарын қайта экскавациялау жұмыстарын жалғастырып жатыр, - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен.

Құтқарушылардың сөзінше, ойық түбіндегі терең шұңқыр үлкен тастар мен кен жыныстарының бір орында үймеленіп қалуынан пайда болған.