Қоғам

Майқайың кен орнындағы іздестіру жұмыстары шұғыл тоқтатылды

Видеодан алынған кадр

Қазір пайда болған шұңқырдың ішіне эндокамера түсіріліп, зерделеніп жатыр

Ойық түбінде тереңдігі 3 метрдей болатын шұңқыр пайда болды, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Экскватор қазып жатқан жерде терең шұңқыр пайда болды. Шұңқырдың түбінде бос кеңістіктер бары байқалады. Экскаватор мен мамандар шұғыл түрде жоғары көтерілді. Ойық түбіндегі топырақтардың төмен опырылып түсіп кетуі қаупі туындағандықтан, жұмыстар уақытша тоқтады, - деп хабарлады өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінен.

Қазір пайда болған шұңқырдың ішіне эндокамера түсіріліп, зерделеніп жатыр.