Жаңалықтар

Үш облыстағы республикалық жолдар жабылды

Ашық дереккөз

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 375 арнайы техника және 536 жолшы жұмылдырылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz «ҚазаАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында – 1 учаске

1.«Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км Кенен а. - Қайнар а. – 79 км. (тұман, шектеулі көрініс, жел)

Қостанай облысында – 1 учаске

1.«Жезқазған-Петропавл» 252-335 км, Ұлытау обл.шек. -Аркалық қ. – 83 км. (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

Ұлытау облысында – 1 учаске

1.«Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау к. -Қостанай обл. шек. – 115 км. (бұрқасын, шектеулі көрініс)

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 375 арнайы техника және 536 жолшы жұмылдырылды.