Жаңалықтар

Бүгін барлық өңірде жел күшейіп, тұман түседі

Ашық дереккөз

3 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет ел аумағында 3 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп жазады turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Қар жауып, бұрқасын күтіледі, батысымызда жаңбыр, қар түріндегі жауын-шашын түседі. ҚР бойынша жел күшейіп, тұман сақталады, батыста көктайғақ болады.