Алматыда қаланың егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобалары бекітілді

2 ақпан, 2024 / Меруерт Сағымхан
Алматы әкімдігі
Жаңа ЕТЖ қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына сәйкес әзірленді.

Алматы әкімдігі сарапшылармен және қоғам өкілдерімен кеңінен талқылаудан кейін егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын бекітті, деп хабарлады turkystan.kz.

Жаңа ЕТЖ қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына сәйкес әзірленді. Бас жоспарда мегаполистің дамуының моноцентристік моделінен полицентрлікке көшу принципі жатыр. Осылайша, 2030 жылға дейін қала әкімдігінің жобалық кеңсесі аясында 5 полиорталығы құрылады. Олар «Шығыс қақпасы», «Тарихи орталық», «Солтүстік», «Оңтүстік-батыс», «Батыс» сынды арнайы аймақтар, қоғамдық және іскерлік белсенділік орталықтары.

Алматыдағы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы атап өткендей, жаңа ЕТЖ-ның негізгі мақсаты – инфрақұрылымның стратегиялық дамуын ескеріп, ретсіз құрылыс салмау және жер телімін тиімді бөлу. Бұл ретте, алдыңғы ЕТЖ-мен салыстырғанда негізгі өзгеріс құрылыс салынбаған аумақтарға әсер етті. Оларды әзірлеу кезеңінде аудан тұрғындарымен үнемі кездесулер өткізіліп, әр учаске бойынша түсініктемелер жүргізілді.

«Жалпы, ЕТЖ тұрақты және функционалды қалалық кеңістік құруға бағытталған. Ол қала құрылысын аймақтарға бөлудің, қызыл сызықтардың, халыққа әлеуметтік, мәдени және коммуналдық қызмет көрсету нысандарын орналастыру үшін аумақтарды резервтеудің, көше-жол желісін ұйымдастырудың, инженерлік коммуникацияларды жүргізудің, аумақтарды абаттандыру мен көгалдандырудың негізгі бағыттарын белгілейді», – деді басқарма өкілдері.

Тэгтер:

Алматы Жоба Бас жоспар