Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

2 ақпан, 2024 / Меруерт Сағымхан
tengrinews.kz
Еліміздің оңтүстік облыстары ауа райы тұрақты болады.

«Қазгидромет» РМК 3-5 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері Қазақстан бойынша синоптикалық жағдайды Скандинавияның солтүстігінде орналасқан Атлантикалық циклон анықтайды.

«Елдің басым бөлігінде қарлы боранмен, екпінді жел соғады және көктайғақ болады, жауын жауады. Атлантикалық циклон да республиканың барлық дерлік аумағында температураның біртіндеп көтерілуіне себепші болады», – делінген хабарламада.

Ал еліміздің оңтүстік облыстары ауа райы тұрақты, жауын-шашынсыз болады.

Тэгтер:

ауа райы болжам Қазгидромет Синоптик демалыс