Қоғам

Соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі үндеу жариялады

Видеодан кадр

Қазір жедел жәрдем жүргізушісінің жағдайы жақсарып қалған.

Қарағандыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі Төреғали Берікқалиұлы видеоүндеу жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол күдікті Нұрболат Дәкебаевты кешіруге дайын,

«Бір таяқ жеп, хайп ұстап жүр деп ойлайтындар табылуда. Бірақ Tik-Tok парақшамды бұрыннан жүргіземін. Жедел жәрдем жүргізушілігінен бөлек, актер адаммын. Бәріміз де пендеміз. Алла бәрін кешіреді. Алланың алдында пендеміз. Біз де кешіреміз. Соттатамын, оны түрмеге отырғызамын деген сөз айтқан жоқпын. Қазақ еліміз аман болсын», - дейді ол.

Қазір Төреғали Берікқалиұлының жағдайы жақсарып қалған.

«Мұрынға жасаған бірінші отам сәтті өтті. Енді екіншісі бар. Әрбір қазақ жалғызым. Дұрыс жағынан түсінейік», - дейді Төреғали.