T-Newspaper

Ұлт қызметіндегі ұл

turkystan.kz

Әдетте, жастар жа­ғы­ның үлесі басымдығына ішің жылиды. Сон­дай жастың бірі – Болатбек Төлеп­бер­генмен екі мыңыншы жылдары таныстым.

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығы мен Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, философия ғылымдарының кандидаты, Шалқар радиосының директоры Болатбек Төлепберген інімді, әріптесімді жұртшылық қаламгер, журналист ретінде таныса, мен оның жалпақ жұрт біле бермейтін басқа қыры – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі белсенді қызметіне шолу жасағанды жөн көрдім.

Қоғамдық жұмысқа әркім әртүрлі жолмен барады. Елге, ұлтқа шынайы жанашырлық тұр­ғысынан келсе дейсің. Әдетте, жастар жа­ғы­ның үлесі басымдығына ішің жылиды. Сон­дай жастың бірі – Болатбек Төлеп­бер­генмен екі мыңыншы жылдары таныстым. Сөз­ге сараң, іске ширақ, ұлтжанды жігіттің бе­рік ұстанымы ұнады. 2006 жылы Ал­ма­ты­д­а­ғы әйгілі Шаңырақ оқиғасына орай «Шаңы­рақ­қа тірек» қоғамдық комитетін құрып, мү­шелікке ынталы Болатбекті де тарттым. Ойы ұшқыр, жазуға төселіп қалған ол тап­сырманы жеделдетіп орындап, істі іл­гері­лету­де көп көмегін тигізді.   Сол уақыттан бері «Ұлт тағдыры» қоз­ға­­лысы мен Болатбек құрған қоғам­дық ұйыммен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап келеміз. Қоғамдық ұйымдарымыздың бір­ге қолға алып атқарған істері жетерлік. Со­ның бірін ғана айтсақ, 2009 жылы «Ұлтым деп соққан жүректер» атты анықтамалықты жа­рыққа шығардық.  Бұл жобаны көк тиын­сыз-ақ, жалғыз өзі жүзеге асырып шықты. Азаматтарымыздың ұлты үшін жасаған қа­сиет­ті жұмыстарын тарихта қалдыру – мін­де­ті­міз. Әрине, Халифа Алтай ақсақалдан бас­­тап, жүзден астам елдік істе ерінбей, тай­салмай ірілік мінез танытып, еңбек еткен жан­­дардың жастарға үлгі болар өмір­баян­да­рын тауып, жазып шығу оңай жұмыс болмады. Оның үстіне әрбірінің «Үлгі тұтатын тұл­ға­ла­ры» мен «Жастарға айтар тілегі» деген ерек­ше жолдарды, әсіресе өмірден өткендерінікін табу үлкен ізденісті талап етті. Осындай қа­жырлы жұмыстың нәтижесінде жарық көрген «Ұл­тым деп соққан жүректер» атты анықтама тү­ріндегі кітапшаны дайындауға үлкен еңбек сіңір­ген Болатбек Төлепбергенге, ол басқарған ұйым­ға деген үлкен алғысымды кезінде кітап­шаның алғы сөзінде айтқанмын.  Болатбек қоғамдық жұмыстың ұңғыл-шұң­ғылын осылайша қоян-қолтық араласа жү­ріп үйренді. Сол кездері қазақтілді үкі­мет­тік емес ұйымдар белсенділігі өте төмен еді. Оның бір себебі түрлі гранттық ұйымдарға сауат­ты жоба жазу жағынан қазақтілді үкі­мет­тік емес ұйымдарымыз шорқақ болатын. Жо­баны бір жазады, екі жазады, өтінімі өт­пе­ген соң, тауы шағылып, жоба жазуды мүл­дем тоқтатады. Ақыры, бұл жағдай қазақтілді үкі­меттік емес ұйым белсенділігінің төмендеуі мен жұмысының мүлдем тоқтап қалуына алып келеді. Бұл гранттық жобаларды жа­зу­дың теориясы мен практикалық жолдарын Бо­латбекке үйретіп, ұйымының жұмысын жан­дандыруына септескенім бар. Осы кезде «Қо­ғамда қандай ұлттық мәселелер маңызды?  Қазаққа қатысты қандай тақырыптар кө­теріл­­мей жатыр?» – деген жайттарды талқыға са­лып, «Жалпы, қай бағытта жұмыс жасаған дұрыс?» – деген сауалға бірге жауап іздеп, үнемі ой-пікір алмасатынбыз.  «Болар бала басынан» демекші, кейіннен біл­сем, Болатбек Жамбыл облысы, Сарысу ау­даны, Жайылма ауылының Ленин атындағы қа­зақ орта мектебінде оқып жүрген кезінен өзі­не тапсырылған қоғамдық жұмысты адал жә­не тиянақты орындауымен өз ортасынан ерек­шеленген екен. Мектепте комсомол ко­митетінің хатшысы ретінде қоғамдық жұмыс ат­қарған. Белсенділік демекші,  бірде «Ле­ниншіл жас» газетіне жарияланған журналист Бауыр­жан Омарұлының «Біздің Ғани» атты Шы­ғыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаев туралы мақаласын оқып, оның Мәскеудегі Ваганьков зиратындағы бейі­тінің мекенжайын жазып алады. Себебі осы кезде үздік оқушылармен бірге Мәскеу қа­ласына саяхаттауы барысында Болатбек ұс­таздар мен шәкірттерді ертіп, Ваганьков зи­ратындағы Ғани Мұратбаевтың бейітін та­зартып, гүл шоқтарын қояды. Сонау Мәс­кеу­ге саяхаттап барып тұрып, сапар жос­пары­на сәл өзгеріс енгізіп, қазақ тарихындағы бел­гілі тұлғаның зиратына тәу ету білгенге са­налылық, сауапты іс. Бұл бар-жоғы сегізінші сы­нып оқушысының ісі. Иә, азаматтық ұс­таным, тарихқа тағзым жасқа қарамайды. Мектепті күміс медальға бітіріп, сол жы­лы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университетінің журналистика фа­куль­тетіне түседі. Университеттің қоғамдық өмі­рінен тыс қалмайды. Алғаш курстас досы, қо­ғам белсендісі Мақсат Ілиясұлымен бірге екі мыңыншы жылдары «Журналист және бас­пагер жастар қозғалысы» қоғамдық бір­лес­тігін құрады. Кейіннен ұйым төрағасы бо­лып, журналист және баспагер жастарды қа­тарға тартады. Журналистика – үнемі із­деніс үс­тінде жүретін мамандық. Егер өнер деп қа­ра­­сақ, соның ең ұшқыр санатында тұра­­тын­ды­ғы даусыз. Оған мына қым-қуыт уақытта және көзіміз жете түсті. Дейтұр­ған­мен, сол кез­дері қазақтілді журналистер ту­ра­сында сыңар­жақ пікірлер тарап жатты. Шын мәнін­де, мәселе басқаша екенін ұйым құрып, заңды түр­де жауап беруге тырысты. Бас­ты мақсат – ана тіліміздің мәселесі, ұлттық ұйысу, жур­на­листердің бірлігі. Осы кезде Болатбек бізбен қоян-қол­тық араласа бастаған. Адамның дү­ние­танымы қоғаммен біте-қайнаса жүріп қа­лыптасады. Тар шеңберден шығып, ұйы­мы­ның атын да ұлттық тұрғыда қою қажеттігін тү­сін­ді. Содан кейін ауқымды кеңейтіп, мә­се­ле­ге дендеп кірісуді көздеді. Тәуелсіздігімізді ал­ған тоқсаныншы жылдары Алматы қа­ла­сын­да «Азат», «Азамат», «Невада-Семей», «Қа­зақ тілі», «Алаш» және «Желтоқсан» сынды т.б. ұлт­тық бағыттағы ұйымдар төбе көрсетіп, ба­тыл әрекеттерімен есте қалды. Одан кейінгі жыл­дары қоғамда әлгі «Қазақтілді жур­на­лис­тиканың сапасы төмендеген секілді, қа­зақ­тілді үкіметтік емес ұйымдар белсенді емес, үн­дері шықпайды» деген сын жиі айтылып жүр­ді. Осы тұста Болатбек «Жерұйық» қо­ғам­дық бірлестігін құрып, белсенді жұмыс істей бас­­тады. Әрі «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер ода­­ғының ұйымдастырушы және құрыл­тай­шы­­сы болды. Мәдениет және ақпарат ми­нистр­лігі мен Алматы қаласы Ішкі саясат бас­қармасы сынды құзырлы органдарға сол кез­дегі қоғам үшін ұлттық бағыттағы әлеу­мет­тік маңызды жобаларды ұсынды. Атап айт­қанда, Алашқа қатысты, Желтоқсан тағы­лымы туралы, ана тіліміздің жайы, дәстүрлі музыкамыз турасында және руханият жайлы т.б. толғақты мәселелерді кең көлемде көте­ріп, қоғамдық пікір туғызатын шаралар ұйым­дастыру қажеттігін айтып, биліктің на­зарына салып отырды.      Нәтижесінде, Алматы қаласы Ішкі саясат бас­қармасының қолдауымен алғашқы шара­лар 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің жиыр­ма жылдығына арналды. «Жерұйық» қо­ғамдық бірлестігінің төрағасы және бір­лестік ұжымының мұрындық болуымен та­ри­хи тақырыпқа бірнеше кітап жарық көрді. 2006 жылғы  Болатбек Төлепбергеннің өз ав­торлығымен «Біз білмейтін желтоқсан» кі­табы мен «Желтоқсан-86» он томдық есте­лік­тер, құжаттар, мақалалар» жинағы үлкен ша­раларға қозғау болды. 2007 жылы өзінің құ­растыруымен «1937-2007: Тауқымет пен тағ­зым» тарихи жинағы шықты. Төл тари­хы­мыздағы қаралы беттердің бірі – тота­ли­та­ризм тұсындағы қуғын-сүргіннің 70-жыл­ды­ғына арнап, 2007 жылы 31 мамыр Саяси қу­ғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қар­саңында ғалымдар, қоғам қайрат­керлері,  сая­си қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақ­тары қатысуымен аталған кітап таныс­ты­ры­лып, талқыланды.  Ал  2008 жылы «Алаш» партиясының құ­рылуы мен Алашорда үкіметінің 90 жыл­ды­ғы­на арнап, Алматы қаласы «Жастар саясатын қол­дау мемлекеттік» қорының қолдауымен өзі­нің авторлығымен «Мәңгі жас – Алаш идея­сы» ғылыми-публицистикалық зерттеулер кіта­бын жариялады. Міне, осы тақырып «Алаш» қозғалысына 90 жыл: Ұлт-азаттық күре­сіндегі жастардың орны» атты респуб­ли­ка­лық ғылыми-тәжірибелік кон­ференцияда тал­қыланып, аталған кітаптың таныстыры­лы­мы болды. Жалпы, Болатбектің бір ерек­ше­лігі, белгілі бір тақырыпқа тек құрғақ бас­қосу өткізіп қоймай, оған негіз болатын жаңа­лығы бар дүниені жарыққа шығара оты­рып, соның негізінде мәселені республикалық шара деңгейіне көтеріп жіберетіні өте ұтым­ды әдіс екенін айтуым керек. Соның бір көрінісі 2008 жылы Қа­зақ­стан­дағы қандас ағайындар туралы түсірген «Сүйік­ті менің отаным» атты деректі фильмі ар­қылы қазақ ұлты үшін өзекті тарихи-тағ­дырлы мәселені көркем туынды тілімен жет­кізе білді. Қоғамдық ұйымдар көтеріп, жеріне жет­кізе алмай жүрген мәселені республикалық телеарналардан бірнеше рет көрсетіп жіберді. Жалпы, ол өзінің әріптестерімен білікті әрі кәсіпқой екендіктерін осылайша кезекті рет дәлелдеді. Себебі қандастар мәселесімен ол кез­де барлық ұлттық бағыттағы қоғамдық ұйым­дар айналысып, көбіне дөңгелек үстел, кон­ференция, семинар-тренинг сынды ша­ралар деңгейінен аса алмайтын. Бір қызығы,  шет­елдерден келген қандастарымыз құқы­лары бұзылып жатса, бірден «Ұлт тағдыры» қоз­ғалысына хабарласатын. Сондай кездері Бо­латбек бар,  жиналып қысым көрсетіп жат­қан жерге қаумаласып бара қаламыз. Жан-жақ­тан әлгілердің ісі дұрыс емес екенін дә­лел­деп, тап бергенде шегініс жасайтын, мәселе ама­лсыздан оң шешімін табатын. Көп қор­қы­тады, терең батырадының кері.     Бұдан кейінгі кезде де Болатбек ұйы­мы­ның басым бағыты бойынша  тарихи-ағар­тушылық, мәдени-рухани тұрғысында бір­қатар ұлтымызға қажетті жұмыстарды ат­қарды. Дәстүрлі музыкамыз сол кездері қа­ға­жу қалып бара жатқанын байқаған ол б­і­раз уақытын осы мәселеге арнады. Ха­лық­ара­лық деңгейде дәстүрлі орындаушылардың басын қосып, Дәстүрлі орындаушылардың ха­лықаралық тұңғыш құрылтайын өткізіп, нә­тижесінде қоғамдық ұйымдарын құрды. Яғ­ни, дәстүрлі музыкалық мұраларымыздың қор­ғалуына жеткілікті деңгейде атсалысты. Сон­дай-ақ қоғам назарынан тыс қалған «Қыз Жі­бек» жырының 500 жылдығын насихаттау» ту­ралы бастама көтеріп, айтулы датаның рес­публикалық деңгейде аталып өтуіне мұ­рын­дық болды. Нағыз тарихи-мәдени мұра­мыз­дың рухани айналымымызға қосылуына ық­пал етті. М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтымен бірге өткізген «Мәдени мұ­ра бағдарламасының тиімділігі және «Қыз Жі­бек» жырының 500 жылдығы» атты ғы­лы­ми-тәжірибелік конференция ұйымдас­ты­рып, «Қыз Жібек» жырының музыкалық-та­ным­­дық радио-спектаклін тыңдарман на­за­рына ұсынды. «Мемлекеттік «Мәдени мұра» жә­не «Алматы қаласының мәдени мұрасы» ай­мақтық бағдарламаларының жүзеге асуына да өз үлесін қосып, «Мәдениет саласын да­мы­ту бойынша мәдени саясаттың тұжырым­да­ма­­сын» талқылау барысындағы шаралардың басы-қасында жүрді. Жалпы, Болатбек басқарған ұйым Алматы қа­ласындағы республикалық деңгейде бел­сенді түрде ұлттық бағытта үздіксіз жұмыс жа­сап келген  бірден-бір қоғамдық бірлестік. Бас­тамалары, идеялары мен жобалары қыз­ғы­лықты әрі қоғам үшін қажетті дүниелер. Кө­терген мәселелерінің өзектілігі мен өткір­лі­гін әріптестері мен көзі қарақты қауым жақ­сы біледі. Әлеуметтік тапсырыстардан бө­лек, өз бастамасымен бірқатар шараларды да атқарды. Аталған қоғамдық бірлестік өткі­зе­тін тарихи-мәдени көпшілік шараларға қа­тысушылар мен көрермендер тарапынан ыс­тық ықылас туғызып, қызу қолдау тауып келе жатқанын жақсы білеміз.  1986 жылғы желтоқсан көтерілісін зерт­теу жұмыстарымен айналысып, құжаттардан, есте­ліктерден, мақалалардан тұратын тарихи танымдық жинақтар дайындап, құрастырып, жарыққа шығарды. Кітаптың оқырман қауымның, әсіресе қызығушылық танытқан жастардың арасында насихаттау жұмыстарын жүргізді. Тақырыпқа сай ең бір сәтті жоба – 1986 жылғы желтоқсан көтерілісін наси­хат­тауға арналған шаралар. Бұл жерде де Бо­лат­бектің тапқырлығы мен ізденгіштігі көрініс береді. Айталық, CD альбом-жинағын жарық­қа шығаруды тұңғыш рет жүзеге асырды. Үш дискіден тұратын жинақтың бірінші дискі­сіне алаңда шырқалған әндер мен желтоқ­санды жырлаған әндер мен күйлер, екінші дискіге көркем және деректі фильмдер, үшін­ші дискіге тақырыпқа сай кітаптар, көркем шы­ғармалар мен фото мәліметтер топтас­тырылды. Ал алаңда шырқалған әндер мен желтоқсанды жырлаған әндер мен күйлерге арналған алғашқы кең көлемдегі «Алатау дәстүрлі театрындағы» концерт те тұңғыш рет Болатбектің ұйымдастыруымен өтіп, кейін жылда өтетін дәстүрге айналды. Азат­тық, отаншылдық, ұлтты сүю секілді киелі ұғымдардың сүбелі жалғасы іспетті бұл жоба­лар қазақ халқының, азаттықсүйгіш барша адамзат баласының еркіндікке ұмтылған аң­сарына деген ескерткіш секілді. 1986 жыл­ғы желтоқсанда бұлқынған жастардың жүрек қағысы, сонау азатшыл ұлық бастаманың жал­­­­­ғастырушысы, жанашыр жылнамашысы іспетті. Әсіресе, бүгінгі жас ұрпақпен қатар, жел­тоқсан көтерілісін жүрегінен өткізген қай­сар ұл-қыздарымыз үшін бұл жобалар өте құн­ды дүние. Кісіні ойға жетелейді, намы­сың­ды оятады, жігеріңді жаниды. Бастысы – хал­қымыздың сүйегінде бар дегдарлық пен ба­тырлықтың қандай қиын күнде де өз биігінен түс­пейтінінің көрінісі іспетті.  Азаматтық қоғамды дамыту бойынша да Бо­­латбек жемісті еңбек етіп, сапалы жоба­ла­ры­мен тәуелсіздікке толымды үлес қосып ке­­ле жатыр. Айталық, тоқсаныншы жыл­дар­дан кейін жазылған қазақ композитор­ла­ры­ның «Тәуелсіздік толғаулары» атты отан­шыл­дық рухтағы әндері топтастырылған  жинақ пен «Тәуелсіздік бесігін тербеткен» атты де­рек­­ті фильмінің де жөні бөлек. Бүгінгі рухани ай­налым үшін аса қажет мұндай жобаларға тек жас ұрпаққа берер тағылымы турасында мән беретін Болатбек анықтаған мынадай тол­ғақты жайттар да бар. Бүгінге дейін бел­гі­сіз болып келген күйшілер мен әншілердің шы­ғармаларын тауып, өңдеп, халыққа жет­кізу кезек күттірмейтін мәселе. Әр өңірдегі әншілік және күйшілік мектептің көзі тірі жал­ғастырушыларын іздеп тауып, шығар­ма­сын жаздырып, таратып, мұрағатқа өткізу бү­гінгі ұрпақтың міндеті. Алайда дискіде, флеш-картада жазылған дүниелер көп уақыт­қа шыдамайды. Сондықтан оны озық техно­ло­­гиямен жазып тарату мен мұрағатқа өткізу сынды, жалпы дәстүрлі музыканың бүгінгі мә­селесін шешуге мемлекеттік деңгейде ке­шен­ді бағдарлама қажет. Болатбектің жетекшілігіндегі ұйымның осындай қыруар еңбегін ескере оты­рып, 2017 жылы «Тарихи-мәдени мұраны қор­ғау» номинациясы бойынша ҮЕҰ арналған сый­лыққа әбден лайықты кәсіби ұйым ре­тінде комиссия мүшесі ретінде қолдадым. Ең­­бек­тің ескерілгені, өз бағасын уақытында ал­ғаны жақсы.            Бұл мақаламда Болатбек Төлепбергеннің қа­ламгерлігінен гөрі, қоғамдық белсенділігіне тоқталдым. Мәселені қоғам талқысына ғана са­лып қоймай, өзінің авторлығымен аталған та­қырыптарда бірнеше кітаптарды да жа­рық­қа шығарды. Ол барлық туындыларында ұлт­тық құндылықтар мен қазақ мәселесіне қа­лам тербеп келеді. Ағарту бағытында рес­публикалық басылымдарда ма­қа­лалар жазып, ұлттық бағытта наси­хат жұмыстарын жүргізуде. Айна­лыс­қан тақырыптары ауқымды: 1932 жылдардағы аштық нәу­бе­тін, 1937 жылдардағы саяси реп­­рессия зобалаңын, Алаш қоз­­ғалысының тағылымын, 1986 жылғы ызғарлы желтоқ­сан көтерілісінің тарихын жә­не қазіргі уақыттағы ұлттық мә­селелер мен ұлттық құнды­лық­тар жайын бүгінгі ұрпақ білу­ге тиіс, сабақ алуға міндетті hәм тағзым етуі парыз. Мұндағы ав­тор­дың ұстанымы бүгінгі тәуелсіздік жағдайындағы ұлттық идея – қазақтың бірігу идеясы. Осы мәселелерді айтып, жа­зып қана қоймай, оны ғылыми тұрғыда не­гіз­деп, рухани айналымға енгізу мақсатында Ұлт­тық ғылым академиясы Философия және сая­саттану институтында «Қазақстандағы ұлт­тық идеяның рухани-адамгершілік негіз­дері» атты кандидаттық диссертациясын да қорғады. Бұл ғылыми жұмысының лейтмотиві де сол – бүгінгі қазақ халқының бірлігі мә­се­лесі. Елінің ертеңіне, бірлігіне елеңдеген Бо­лат­­бек Төлепберген інім де елудің есігін еңсесі биік қалпында қағыпты. Осындай ізгілікті іс­терімен ерекшеленген ұлт қызметіндегі ұлға халқына қалаулы еңбегімен елене берсін де­ген тілек қосамын!

Дос Көшім, «Ұлт тағдыры»  қозғалысының төрағасы,  саясаткер