Қоғам

ШҚО-да үш әкім жауапкершілікке тартылды

Әрқайсысы 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шемонаиха ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алу туралы тікелей шарттарды заңсыз жасасу фактілерін анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Алайда жекелеген әкімдер сатып алу кезінде бір ғана жұмыстың құнына тоқталып (3000 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың біртектілік жайлы қойылатын талаптарды әдейі елемеген.

Мәселен, Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты аталған әдіспен қысқы жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы сомасы 27,2 млн теңгеге 3 шарт жасасқан. Жұмыстың сипаты біртекті, бірақ бұл ретте жалпы құны 3000 АЕК-тен асқанын ескере отырып, бұл сатып алулар бәсекелестік ортада жүзеге асырылуы тиіс болатын.

Осындай заң бұзушылықтарға Зевакин және Вавилон ауылдық округтерінің әкімдері де жол берген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Шемонаиха қаласы, Зевакин және Вавилон ауылдық округтерінің әкімдері ҚР ӘҚБтК 207-бабының 11-бөлігі бойынша әрқайсысы 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.