Жаңалықтар

Жамбыл мен Қызылорда облыстарында жолдар жабылды

Бұл туралы «ҚазАвтоЖолдың» баспасөз қызметі мәлім етті.

Ауа райының қолайсыздығына (қалың қар, боран және көрінудің шектелуі) байланысты «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің Тараз қаласынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі (534-593 шқ) бөлігі жабылды.

Сонымен қатар «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолының 161 шақырымынан (Бірлік ауылы) 273 шақырымына дейін (Бурылбайтал ауылы) автокөлік құралдарының барлық түріне шектеу енгізілді. 

Азаматтарды эвакуациялау мақсатында автожолдардың жабық учаскелерінде уақытша жылыту пункттері құрылған, сондай-ақ, эвакуациялауға арналған техникалар дайындалған.

Қазір Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылындағы орта мектеп базасында орналастырылған жылыту пунктіне бұған дейін жеткізілген 25 адамның 12-сі (13-і пойызбен кеткен) орналасқан. Олар ыстық тамақ, төсек орын және өзге де қажеттіліктермен қамтамасыз етілді. 

Айта кетейік, өңірдегі барлық аудандарда коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.

​Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылып, қауырт желі іске қосылды. 

​Жолдарды тазалау жұмыстары жалғасуда.

«ҚазАвтоЖол» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы да өңірде республикалық маңызы бар жолда көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді.