Спорт

Қазақстандық спортшы пара биатлоннан әлем кубогының жүлдегері атанды

csp_parasport.kz

Ербол Хамитов пара биатлоннан 7,5 км қашықтықты 22:02.5 секунд уақытта бағындырды.

Қазақстандық Ербол Хамитов пара шаңғы мен пара биатлоннан Италияның Мартель қаласында өтіп жатқан әлем кубогының екінші кезеңінде қола жүлдегер атанды.

Ербол Хамитов пара биатлоннан 7,5 км қашықтықты 22:02.5 секунд уақытта бағындырып, үздік үштікке ілікті. 

Мәреге бірінші болып украиналық қарсыласы Тарас Рад 21:33.2 секунд уақытымен жетті. Тағы бір украиналық спортшы Павло Бал 21:52.2 секунд көрсеткішімен күміс жүлдеге қол созды.

Әлем кубогінің екінші кезеңі 31 қаңтар мен 4 ақпан аралығында өтіп жатыр. Жарысқа 18 мемлекеттен 160-тан астам спортшы келді. Қазақстаннан 7 спортшы өнер көрсетуде.