Жаңалықтар

2 ақпанға арналған ауа райы болжамы

qazaly.kz

Қазгидромет ел аумағында 2 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Синоптиктердің дерегінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

«Қар жауады деп күтілуде, оңтүстік, оңтүстік-шығыс, оңтүстік батыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауады.

ҚР бойынша тұман, боранмен бірге жел күшеюі мүмкін, оңтүстік, оңтүстік батыста көктайғақ болады», — деп жазды ведомстводан.