ШҚО-да полицейлерге күш қолданған ер адам сотталды
ІІМ-нің мәліметінше, бұл оқиға Риддерде болған.
ШҚО-да полицейлерге күш қолданған ер адам сотталды, деп хабарлады turkystan.kz.
ІІМ-нің мәліметінше, бұл оқиға Риддерде болған.
Түнде такси жүргізушісі жол ақысын төлеуден бас тартқан 36 жастағы мас жолаушыны қалалық полиция бөліміне алып барған.
Ер адам полиция бөлімшесінде де агрессиясын көрсетіп, балағат сөздер айтып, такси жүргізушісін қорқытуын тоқтатпаған. Полиция қызметкерлері Риддер тұрғынын тәртіпке шақырған, бірақ ол заңды талапқа бағынбай, өзінің заңсыз әрекеттерін жалғастырып, инспектордың бетінен екі рет ұрған, - делінген хабарламада.
Сот отырысы барысында қаланың 36 жастағы тұрғыны кінәлі деп танылып, оған 40 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту және 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.