Қоғам

Майқайыңда қаза тапқан құтқарушылардың отбасына материалдық көмек толықтай төленді

Қосымша сақтандыру төлемдерін жасау туралы сұрақ қарастырылуда.

Майқайыңда қаза тапқан құтқарушылардың отбасына материалдық көмек толықтай төленді, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, қосымша сақтандыру төлемдерін жасау туралы сұрақ қарастырылуда.

Майқайың кенішінде қаза тапқан құтқарушылардың бірінің қызы уәде етілген материалдық көмектің жартысы ғана төленгенін бейнеге жазып, әлеуметтік желіге салған. Марқұмның қызы онымен байланысқа ешкім шықпай жатқанын жеткізді. 

Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл жағдайға түсінік берді. 

Бұған қоса отбасыларға жерлеу рәсімдеріне 369 200 теңге мөлшерінде, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жерлеуге 347 мың теңге мөлшерінде төлем жасалды.

Сонымен қатар отбасыларға асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады (18 жасқа толғанға дейін отбасындағы әрбір кәмелетке толмаған адамға ай сайынғы төлем). 

Отбасыларға берілетін көмек тек осы төлемдермен ғана шектеліп қалмайды. Жергілікті атқарушы орган кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабынан қосымша сақтандыру төлемдері және «Майқайың-алтын» АҚ-нан ірі материалдық көмек көрсету туралы мәселені пысықтауда. Бұл төлемдер төленген сомадан бірнеше есеге көп. Төлемдердің нақты сомалары іздестіру жұмыстары аяқталғаннан кейін хабарланатын болады.