Ақтөбе тұрғыны анасының атына 5 млн теңге несие рәсімдеген

1 ақпан, 2024 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөз
Қызы кінәсін мойындап, өкінетінін айтты.

Ақтөбеде өз анасының атына несие рәсімдеген қыз анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Полицияға Ақтөбе қаласының тұрғыны оның атына белгісіз адамдар несие рәсімдегені туралы арызданды. 

«Полиция қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу барысында жәбірленушінің қызы 2023 жылдың жазында анасының телефонынан екі банктен 5 млн теңгеден астам сомаға несие рәсімдегенін анықтады», - делінген Polisia.kz сайтының хабарламасында.

Жәбірленуші несие туралы банктерден несие бойынша төлемдердің кешіктірілгені туралы хабарламалар келген кезде білген. 

Қызы кінәсін мойындап, өкінетінін айтты. Ұрлық фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
 

Тэгтер:

Полиция несие Ақтөбе алаяқтық онлайн анасы қызы 5 млн