Қоғам

ШҚО-дағы мектепте бұрын сотты болған адамдар жұмыс істеген

Мектеп басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ШҚО-дағы мектепте қылмыстық жауапқа тартылған адамдар жұмыс істеген, деп хабарлады turkystan.kz.

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының прокуратурасы білім беру ұйымдарында еңбек кодексін бұзу фактілерін анықтады, қылмыстық тарихы бар адамдар кәмелетке толмағандардың қатысуымен еңбек қызметін жүзеге асырған.

Прокуратура шаралары бойынша білім беру ұйымдарында жұмысына жол берілмейтін адамдармен еңбек шарттары бұзылды. Кінәлі лауазымды адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Заңнамада көзделген шектеулері бар педагогтің кәсіби қызметіне рұқсат бергені үшін мектеп басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.