«Кіші қажылыққа апарамын»: алматылық азамат тұрғындарды 12 млн теңгеге алдап кеткен
Ол Меккеге барғысы келген 13 жәбірленушіге 12 миллион тенгеге жуық шығын келтірген.
Алматылық азамат тұрғындарды кіші қажылыққа апарамын деп 12 млн теңгеге сан соқтырған, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
27 жастағы Алматы қаласының азаматы Меккеге кіші қажылыққа апарамын деп халықты сан соқтырды. Өзінің қызметі үшін адам басынан 423 мың теңге алып отырған. Қажылыққа бару үшін 30 адам жинауды жоспарлаған.
Меккеге барғысы келген 13 жәбірленушіге 12 миллион тенгеге жуық шығын келтірген. Сот шешімімен аталған азаматты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-тармағы (Алаяқтық) бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырды.
Сотталған Абай облысы бойынша Семей қаласында қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтеуде. Мекемеге келген күннен бастап жеке кәсіпкердің цехында қолөнер жұмыстарымен айналысады. Тапқан табысынан сот үкімі бойынша белгіленген талап-арызы бойынша белгіленген өтемақысын төлейді. Өзін күтіп отырған анасына қаржылай көмектеседі, – деді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы Нұрболат Сапарғалиев.