Қоғам

Жамбыл облысында 26 көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды

Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Жамбыл облысында қолайсыз ауа райының салдарынан 26 көліктің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлады turkystan.kz.

31 қаңтарда сағат 10:47-де Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылының маңында Батыс Еуропа – Батыс Қытай республикалық маңызы бар автожолының 567-шақырымында ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ, көрінудің шектелуі, боран) 26 автокөліктің (4 жолаушылар автобусы, 4 жүк көлігі және жеңіл көліктер) қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Тараз қаласынан 593-тен 534 шақырымға дейінгі бағыттағы автожол екі жағынан да жабық. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасауда, оқиғаның мән-жайлары анықталуда.