Саясат

Кореялық компания Қазақстандағы жылу электр стансаларын тексереді

Энергетика министрлігі

KEPCO Астана, Алматы, Павлодар және Топар жылу электр орталықтарына пилоттық зерттеу жүргізеді деп жоспарлануда.

Кореялық KEPCO Қазақстандағы бірнеше электр стансалардың жағдайына тексеру жүргізеді, деп хабарлады turkystan.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Кореяның «KEPCO» және «DOOSAN ENERBILITY» электр энергетикалық корпорацияларының вице-президенттері Шин Чжон Ген мырзамен және Янг Юн-Х мырзамен, сондай-ақ, компанияның басқа өкілдерімен кездесу өткізді.

«Кездесу барысында тараптар алдағы уақытта инвестициялау мақсатында Қазақстанның бірнеше электр стансаларының жағдайын зерттеу мәселесін талқылады», – делінген хабарламада.

KEPCO Астана, Алматы, Павлодар және Топар жылу электр орталықтарына пилоттық зерттеу жүргізеді деп жоспарлануда.

«Зерттеу нәтижесі бойынша стансаларды одан әрі пайдалану, жаңғырту және олардың экологиялық көрсеткіштерін жақсарту перспективалары бойынша сізден сараптамалық баға күтеміз», - деп атап өтті кездесуде ҚР Энергетика министрі.

Энергетика министрлігінің басшысы министрлік тарапынан компанияға қажетті қолдау көрсетілетінін айтты.