Ауа райына байланысты 2 облыста жол жабылды

31 қаңтар, 2024 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөз
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жамбыл және Түркістан облыстарында көлік қозғалысына шектеу енгізілді деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

«31 қаңтар сағат 12.30-дағы ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді», – делінген хабарламада.

Жамбыл облысында– 1 учаске

(бұрқасын, шектеулі көрініс).
 

Түркістан облысында – 1 учаске

(Жамбыл облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты).

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 699 бірлік техника және 1419 жолшы жұмылдырылды.

Тэгтер:

ауа райы көлік автожол жол шектеу