Қоғам

Атырауда балық аулауға кеткен жігіт іздестіріліп жатыр

Ол балық аулауға кетіп, кері оралмаған.

Атырауда балық аулауға кетіп оралмаған ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Azh.kz сайтының мәліметінше, «Жұмыскер-1» ауылының 1998 жылы туған тұрғынының хабарсыз кеткеніне алаңдаған туыстары ертесіне, яғни 28 қаңтар күні құтқарушыларға хабар берген. 

Туыстарының айтуынша, ол балық аулауға кетіп, кері оралмаған. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Жайық өзенінде іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұған ТЖД 4 құтқарушысы жұмылдырылды.