Жаңалықтар

Биыл Бурабай ұлттық саябағында 520 мыңнан астам ағаш отырғызылады

Бурабайда көшет әдетте сәуір айының соңына қарай отырғызылады.

Бурабай ұлттық саябағында 2024 жылы 520 мыңнан астам ағаш отырғызылады. Осылайша, орман алқабы жас көшеттер есебінен 65 гектарға ұлғаюы керек, деп хабарлады turkystan.kz.

Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше, өткен жылы ұлттық парк қызметкерлері 500 мыңнан астам қарағай мен қайың көшеттерін отырғызған. Көшеттер саябақтың 1960 жылы ашылған бағында өсіріледі. Мұнда қайың мен қарағайдан бөлек қарақат, алма, таңқурай, үйеңкі, бөріқарақат ағаштары егілген.

Оның айтуынша, көшет әдетте сәуір айының соңына қарай отырғызылады. Жаңа топырақта өніп шығу үшін өскін тамырдағы микрофлорамен бірге кастрюльден алынады.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде 5 жыл ішінде 2 миллиард ағаш отырғызу жөніндегі кешенді жоспар жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Оны жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мекеме де өз үлесін қосуда.