Актриса Әсел Асқар өмірден өткен ұлына жантебірентерлік жазба арнады
Актрисаның кіші ұлы осыдан екі жыл бұрын шетінеп кеткен еді.
Танымал актриса Әсел Асқар өмірден өткен ұлын есіне алып, жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Ұлым, бүгін екі жасқа толар едің. Үлкен азамат болып өс деп әзірге айта алмаймын. Үлкен тортқа тапсырыс беріп, ал сен тортты бетіңе жағып жүгіріп жүрер едің. Түрлі ойыншықпен ойнаушы едің. Саған киімдерді кигізіп көруші едім, ал сен ұстатпай қашушы едің. Анаң сен үшін бәрін жасайтын еді. Тағдыр – ақымақ. Мен сені қатты сағындым», - деп жазды Әсел Асқар.
Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын Әсел Асқардың кіші ұлы шетінеп кеткен еді.