Танымал айтыскер ақынға екі ота жасалды
Өнер иесі артық салмақтан арылу үшін шетелдік мамандардың көмегіне жүгінгенін айтты.
Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай Стамбұлда өзіне ота жасалғанын мәлім етті.
«Елдер арықта деп келемеждеп,мысқылдап сыртымнан күліп жүргенде асқазанымда ауру барын да байқамай қалыппын! Артық салмақтың шешімін табамыз,алдын аламыз Стамбулға кел деп шақырған @satjan_toktarbay ағама @aidyn_nury апама @medisathealth компаниясына мың алғыс! Жалпы Асқазаныма 2 ота жасалды.Қазіргі таңда жағдайым жақсы! Инстаграм парақшама, алты сағаттай уақыт ішінде 1700-дей пікір жазылыпты. Барлығы саулығымды тілеген, демеу берген, қайрат беріп, Алладан рахым сұрап, дұға жасаған ақ тілектер екен. Кәдімгідей қуанып, қуаттанып қалдым. «Жақсы сөз -жарым ырыс» дегенді шын сезіндім.Қазақ елім сіздерді жақсы көремін», – деп жазды айтыскер ақын.