Саясат

Садыр Жапаров ресми сапармен Қазақстанға келеді

Бұл туралы Қазақстан мен Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрлерінің кездесуінде белгілі болды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ресми сапармен Қазақстанға келеді, деп хабарлады turkystan.kz Kabar агенттігіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Бішкекте жүр.

Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, биыл екі елдің үкімет басшыларының төрағалығымен қырғыз-қазақ үкіметаралық комиссиясының отырысы өтеді.