Запастағы офицерлер екі жылға әскери қызметке шақырылады

30 қаңтар, 2024 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөз
Барлығы – 752 офицер. Қаулы 2024 жылғы 9 ақпанда күшіне енеді.

Биыл елімізде запастағы офицерлер 24 айға мерзімді әскери қызметке шақырылады. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.

Құжат НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды.

"Қаулыға сәйкес офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2024 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылады. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.

Құжатқа қосымшада көрсетілген мәліметке сәйкес 2024 жылы әскерге шақырылады: 

Барлығы – 752 офицер. Қаулы 2024 жылғы 9 ақпанда күшіне енеді.

 

 

Тэгтер:

Офицер 2024 әскери қызмет шақырту Запас екі жыл