Жаңалықтар

Асанәлі Әшімов ордендерін архивке тапсыратын болды

Алматыда «Кино және театр тарланы – Асанәлі» музей-бұрышы ашылады.

Алматыда Асанәлі Әшімовтің құрметіне музей-бұрышы ашылады, деп хабарлады turkystan.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан және КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов өзінің қолжазбаларын, ордендерін және өзге де заттарын архивке тапсырмақ ниетте.

Сонымен қатар Алматыдағы мемлекеттік архивте «Кино және театр тарланы – Асанәлі» музей-бұрышының салтанатты ашылуы өтеді.