Алматыда тағы да 2 балдық жер сілкінісі тіркелді
Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.
Бүгін таңғы уақытта Алматыда екі рет жер дүмпуі сезілді.
Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.
Бірінші дүмпу сағат 03:03 кезінде болды.
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қытай аумағында. Афтершок.
Зілзаланың энергетикалық санаты — 10.5. MPV магнитудасы — 4.5.
Тереңдігі — 10 шақырым.
Алматыда сезілген жоқ.
Екіншісі таңғы 04:27 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде, Қытай аумағында тіркелді.
Энергетикалық санаты — 13.3. MPV магнитудасы — 5.8.
Тереңдігі — 10 шақырым.
Жер сілкінісі алматылықтарға 2 баллкөлемінде сезілді.