Спорт

Олимпиададағы допинг дауы: Мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиева төрт жылға спорттан шеттетілді

Getty Images

Шеттету мерзімі 2021 жылдың 25 желтоқсанынан бастап есептеледі.

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиева төрт жылға спорттан шеттетілді, деп хабарлайды turkystan.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

Спорттық арбитраж соты (CAS) ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиеваны антидопинг ережелерін бұзғаны үшін төрт жылға спорттан шеттету туралы шешім қабылдады. Шеттету мерзімі 2021 жылдың 25 желтоқсанынан бастап есептеледі.

Еске сала кетейік, Камила Валиева Бейжің Олимпиадасындағы командалық жарыста алтын жүлде алған күннің ертесі оның допинг сынамасынан триметадизиннің микродозасы анықталғаны белгілі болды. Десе де, оған жекелей сында бағын сынауға рұқсат берілген болатын. Допинг дауына іліккен Камила жекелей сайыста төртінші орынды иеленген болатын.