Қоғам

Шымкентте ер адамдар дәмханада қызды ұрып кеткен

Сот-медициналық сараптама тағайындалды

Шымкент қалалық Ішкі істер департаменті қаладағы дәмханалардың бірінде белгісіз ер адамдардың қызды соққыға жығып кетуіне  қатысты түсініктеме берді. Баспасөз қызметі қазір бұл факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер жарақаттың ауырлығы анықтағаннан кейін барлық қажетті шаралар дереу қабылданатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қаңтарда бір топ ер адам телефондарды қайта сату үшін мекемеге кірген. Кафе қызметкері оларға дәмханадан шығып кетуін сұрағанда, оны соғып кеткен.