Спорт

Қазақстандық боксшы спорттық мансабын аяқтағанын мәлімдеді

Ол мансабындағы жарқын сәттерін бір видеоға жинақтап, жариялады.

2023 жылы Нью-Делиде өткен әлем біріншілігінің қола медаль жүлдегері Надежда Рябец мансабын аяқтады. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.

Надежда мансабындағы жарқын сәттерін бір видеоға сыйдырып, жариялады.

Спортшы жазбасында басшылыққа наразы болғанын атап өтті.