Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
«Қазгидромет» РМК 30 қаңтар - 1 ақпанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің болжамынша, солтүстік облыстарда қар түрінде, оңтүстік өңірлерде бұрқасын және жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі. Сонымен қатар жел күшейеді. Ал оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын жауып(жаңбыр, қар), көктайғақ болады, тұман түседі.
«Температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», - делінген хабарламада.