Жаңалықтар

Жетісу облысында 100-ден астам лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Ветеринариялық мекемелерде қызметкерлердің жалған диплом пайдаланғаны туралы 4 факті анықталды.

Жетісу облысында ветеринария саласында заңнаманы бұзған 100-ден астам лауазымды тұлға жазаланды. Бұл тураы Жетісу облысының прокуратурасы мәлім етті.

Жетісу облысының табиғатты қорғау прокурорлары ветеринария туралы заңнаманы сақтау саласындағы уәкілетті органдардың қызметінде өрескел бұзушылықтарды анықтады.

Облыс аумағында «Сібір жарасы» ошақтарының иесіз 33 жерленген жері анықталды, онда оларды оқшаулау және сәйкестендіру шаралары жүргізілмеген.

Ветеринариялық мекемелерде қызметкерлердің жалған диплом пайдаланғаны туралы 4 фактісі анықталды, тағы 124 қызметкер білімі мен тәжірибесі бойынша атқаратын қызметтеріне сәйкес келмеген.

Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша 100-ден астам лауазымды тұлға әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде аумақтың 3 инспекция басшысы мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылық үшін жауапқа тартылды.

Мемлекет кірісіне 3 млн теңгеден астам қаржы өтелді.