Тұман, көктайғақ: 29 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

29 қаңтар, 2024 / Анель Жарылғасын
altaynews.kz
Қазгидромет синоптиктері 29 қаңтар, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронттарға байланысты әлі де Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Жауын-шашын (көбіне қар) жауады.

Оңтүстік, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады. 

Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады.

Оңтүстік, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұрқасын көтеріліп, жел күшейеді.

Тэгтер:

ауа райы Қазгидромет Синоптик 29 қаңтар