Жаһан

14 жастағы жасөспірім депутатқа таспен шабуыл жасады

Видеодан алынған кадр

Салдарынан депутат Пэ Хён Джин жарақат алып, шабуылдаушы қамауға алынды

Оқиға Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында орын алған, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Салдарынан депутат Пэ Хён Джин жарақат алып, шабуылдаушы қамауға алынды.

Қазірге қаршадай қыздың мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз.

Ата-анасының қатысуымен жауап алынғаннан кейін жасөспірім психиатриялық ауруханаға жатқызылды.

Пэ Хён Джин өзінің денсаулығына қатысты сұрақтарға жауап беруден бас тартқан.

"Халық күші" партиясының жетекшісі Хан Дон Хун кінәліні "қатаң жазалауға" шақырса, партияның тағы бір депутаты Тхэ Али Хо шабуылды Оңтүстік Корея демократиясына "үлкен сынақ" деп атады.