Энвер Түркелери қызметінен кетті

Ауыр атлетикадан Қазақстан  ұлттық құрамасының бас кеңесшісі, түркиялық маман  Энвер Түркелери қызметінен кетті.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының мәлімдеуінше, түркиялық маманның орнын босатқанына бірнеше ай болыпты.

Еске сала кетейік, Түркелери Қазақстан ұлттық құрамасында он шақты жыл бас кеңесші қызметін атқарған болатын. Осыдан бірер жыл бұрын ол «Қазақтан Олимпиада чемпионын шығарам» деп серт берген еді. Алайда, Рио-де-Жанейро Олимпиадасында қазақ қызы Жазира Жаппарқұл ойындардың күміс жүлдегері атанды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button