Атырауда көлік мұзға құлап, жүргізуші қаза тапты
Оқиға орнына 4 құтқарушы мен 1 техника жұмылдырылды
Қайғылы оқиға бүгін Көкарна кентіндегі Жайық өзенінде болды, деп хабарлады turkystan.kz atpress.kz-ке сілтеме жасап.
28 қаңтар күні сағат 13:08 шамасында Атыраудың Көкарна кентінде жеңіл көлік мұзға құлап, салдарынан 31 жастағы жүргізуші көз жұмды.
17 жастағы жолаушы жақын жердегі облыстық ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнына 4 құтқарушы мен 1 техника жұмылдырылды.