Спорт

Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегінің уақыты мен орны белгілі болды

Хамитов алдыңғы жекпе-жегінде грузиялық Залимхан Юсуповты жеңген болатын

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов 2024 жылдың наурыз айында Таиландта жекпе-жек өткізеді, деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Хамитов (26-7-2) алдыңғы жекпе-жегін 2023 жылдың 19 мамырында Алматыда өткен Hardcore MMA 62 турнирінде бірауыздан шешіммен грузиялық Залимхан Юсуповты (19-15) жеңген болатын.