Жаңалықтар

Бүркітші Айшолпанның отбасы Қазақстанға көшіп келді

Kazinform

Отандасымыз бүркіт өнерін тастамағанын айтты

Әлемге әйгілі бүркітші, отандасымыз Айшолпанның отбасы елге көшіп келді.

Мен Қазақстандамын, бір аптадай бұрын ата-анам мен бауырларым көшіп келді. Өзім Алматыдағы С.Демирел атындағы университетте қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 4 курста оқып жатырмын. Қазір мамандығым бойынша жұмыс қарастырып жатырмын, - деді Айшолпан Kazinform тілшісіне ұялы телефон арқылы берген сұхбатында.

Сондай-ақ отандасымыз бүркіт өнерін тастамағанын айтты.

Оқу мен бүркітпен айналысуды қатар алып жүрмін. Аптасына бір рет айналысамын. Жарыстарға қатысып жүрген жоқпын, тек қонақ ретінде барамын. себебі оқудан қол тимейді, - дейді бүркітші қыз.